Все что вы хотели узнать и спросить о ваших пенсионных делах - 5Руднет продолжает знакомить рудничан с последними данными АО «Единый накопительный пенсионный фонд», которые мы начали публиковать 5, 8, 14 и 22 мая. Сегодня вы можете ознакомиться (на двух языках) со следующими ответами квалифицированных специалистов акционерного общества «ЕНПФ» на ваши вопросы. Сразу отметим, что если у вас возник свой пенсионный вопрос, то вы можете разместить его в комментарии к этой статьи (см. внизу). Ответ вы получите в последующих публикациях Руднета.
Биыл Сіз еңбегіңіз сіңген демалысқа шығасыз ба? Құттықтаймыз! Енді Сіз кезінде уақыт пен күш жеткізе алмаған нәрселермен айналыса аласыз. Ал бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін ресімдеу машақатын азайту үшін Сіздің назарыңызға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу тәртібіне қатысты ең өзекті деген сұрақтардың жауабын ұсынамыз.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне кімнің құқығы бар?
Белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдері түріндегі зейнет жасына толған соң міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаларға тиесілі, атап айтқанда:
63 жасқа толған ерлер; 58 жасқа толған әйелдер (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жас, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жас, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жас, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жас, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жас, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жас, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жас, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жас, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жас, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жас).
Зейнет жасына толған соң БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін қандай құжаттар керек?
Жалпы белгіленген зейнет жасына толған кезде зейнетақы төлемдерін алушы МЗЖ және МКЗЖ есебінен кесте бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш ресімдеу үшін ең жақын БЖЗҚ кеңсесіне бару керек. Жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы мен зейнетақы төлемдерін аудару үшін алушының банк шоты туралы мәліметтерді өзімен бірге алып келеді. Сонымен қатар зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін құжаттарды алушы сенім білдірілген тұлға арқылы немесе пошта байланысы арқылы өткізе алады, толық ақпаратты сайттан алуға болады (http://www.enpf.kz/11462).
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш берген соң қанша уақыт ішінде зейнетақы төлемдері жасалады?
Құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болған жағдайда, олар өткізілген соң он жұмыс күні ішінде БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін жасайды.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу кезеңділігі қандай?
Төлемдер кезеңділігін алушының өзі белгілейді – жылына бір рет, тоқсанына не айына бір рет.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы қалай есептеледі?
МЗЖ және МКЗЖ есебінен кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013ж. №1042 хаттамасымен бекітілген (10.12.2015 жылғы редакцияда) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жасау қағидасына сәйкес есептеледі және төмендегі шамалардың неғұрлым жоғарысынан аспайды:
1) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшері (2016 жылы Қазақстан Республикасының «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңымен ең төменгі зейнетақы мөлшері 25 824 теңгеге дейін көбейтілді) және 774 720,00 теңгені құрайды (30*25 824);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013ж. №1042 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне (10.12.2015 жылғы редакцияда) сай зейнетақы жинақтары сомасының алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген шама. Алушының зейнетақы жинақтарының сомасы әйелдерде 8,224 млн. және одан көп теңге, ерлерде 7,402 млн. және одан көп теңге болса, осы есеп қолданылады.
Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен кем болса, алушы зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын ала алады.
Төлем жасалған соң жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аз соманы құраса, бұл қалдық төлем сомасымен бірге төленеді.
БЖЗҚ белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жыл сайын өз бетінше Қағида ережелерін ескере отырып қайта есептейді.
Банк комиссияларының мөлшері қандай?
Зейнетақы жинақтарын аудару, есептеу және төлеуге байланысты банк қызметтерінің ақысы БЖЗҚ қаражатының есебінен төленеді, бұған оларды айырбастау және шетелдік банктерде ашылған алушылардың банк шоттарына есептеу қызметтері қосылмайды.
Зейнетақы төлемдері қандай валютада жасалады?
Зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ өтініште көрсетілген алушының банк шотына:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде/банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған банк шоттарына аудару кезінде тек ұлттық валютамен;
2) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шетелдік банктерде ашылған банк шоттарына аудару кезінде АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингімен немесе ресей рублімен аударады.
Зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы (ЖТС) салына ма?
Зейнетақы төлемдері – төлем көзіне салық салынатын табыс (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 160-бабының 3) тармақшасы). Зейнетақы төлемдерін алушыдан 10% мөлшерінде ЖТС міндетті түрде ұсталады. Мысал үшін төленуі тиіс және ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшеріне тең (30*25 824 = 774 720) зейнетақы жинағының сомасын қарастырайық.
Зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алушылар – БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері түріндегі табыстан салықтық шегерімдерге құқығы бар тұлғалар (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 170-бабы). Демек, ЖТС зейнетақы жинақтарының сомасынан шегеру ескеріле отырып ұсталады. ЖТС салынбайтын жинақ сомасы ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төменгі еңбекақының 12 еселенген мөлшеріне тең. 2016 жылы бұл көрсеткіш – 22 859 теңге, демек ЖТС салынбайтын сома – 274 308 теңге (12*22 859). 500 412 теңге (774 720 - 274 308) сомасындағы зейнетақы төлемдеріне ЖТС салынады. ЖТС мөлшері – 50 041,20 теңге (774 720 - 274 308) * 10%). Алушының банк шотына 724 678,80 теңге (774 720 - 50 041,20) мөлшеріндегі сома аударылады.
Сонымен қатар салықтық жеңілдіктер қолданылатын азаматтар санаты бар. Олар үшін ЖТС салынбайтын зейнетақы төлемдерінің сомасы (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 156-бабының 13) және 13-2) тармақшасы) республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгі еңбекақының 55 еселенген мөлшерінің шегінде белгіленген (55*22 859 =1 257 245 теңге).
Бұл тұлғалар:
• Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген тұлғалар;
• Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар;
• 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
• I, II, III топтардағы мүгедектер;
• мүгедек бала;
• «мүгедек бала» деген санаттағы адамның ата-анасының бірі, қорғаншысы, қамқоршысы - мұндай адам он сегіз жасқа толғанға дейін;
• «бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның ата-анасының бірі, қорғаншысы, қамқоршысы - мұндай адамның өмір бойына;
• асырап алған бала он сегіз жасқа толғанға дейін бала асырап алушының біреуі.
В этом году Вы выходите на заслуженный отдых? Поздравляем! Теперь Вы сможете заняться тем, на что не хватало времени и сил. А чтобы хлопоты по оформлению пенсионных выплат из единого накопительного пенсионного фонда были минимальными, предлагаем Вашему вниманию ответы на самые актуальные вопросы, касающиеся порядка оформления пенсионных выплат из ЕНПФ.
Кто имеет право на пенсионные выплаты из ЕНПФ?
Право на получение пенсионных выплат за счет обязательных пенсионных взносов (ОПВ) и обязательных профессиональных пенсионных взносов (ОППВ) по достижении пенсионного возраста в виде пенсионных выплат по установленному графику имеют лица, имеющие пенсионные накопления в ЕНПФ:
мужчины - по достижении 63 лет, женщины – по достижении 58 лет (с 1 января 2018 года - 58,5 лет, с 1 января 2019 года - 59 лет, с 1 января 2020 года - 59,5 лет, с 1 января 2021 года - 60 лет, с 1 января 2022 года - 60,5 лет, с 1 января 2023 года - 61 года, с 1 января 2024 года - 61,5 года, с 1 января 2025 года - 62 лет, с 1 января 2026 года - 62,5 лет, с 1 января 2027 года - 63 лет).
Какие документы необходимы для получения пенсионных выплат из ЕНПФ по достижении пенсионного возраста?
При наступлении общеустановленного пенсионного возраста получатель пенсионных выплат для оформления заявления о назначении пенсионных выплат по графику за счет ОПВ и ОППВ должен обратиться в ближайший офис ЕНПФ. При себе необходимо иметь оригинал документа, удостоверяющего личность, и сведения о банковском счете получателя для перечисления пенсионных выплат. Также получатель может подать документы для оформления пенсионных выплат через поверенного или посредством почтовой связи, подробную информацию можно получить на сайте (http://www.enpf.kz/11462).
В течение какого времени после подачи заявления о назначении пенсионных выплат ЕНПФ производит пенсионные выплаты?
После предоставления документов, в случае их соответствия требованиям законодательства Республики Казахстан, пенсионные выплаты осуществляются ЕНПФ в течение десяти рабочих дней.
Какова периодичность получения пенсионных выплат из ЕНПФ?
Периодичность выплат устанавливает сам получатель – один раз в год, один раз в квартал, либо ежемесячно.
Как рассчитывается годовая сумма пенсионных выплат из ЕНПФ?
Годовая сумма пенсионных выплат по графику за счет ОПВ и ОППВ рассчитывается в соответствии с Правилами осуществления пенсионных выплат из пенсионных накоплений, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов из единого накопительного пенсионного фонда, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 02.10.2013 г. № 1042 (в редакции от 10.12.2015 г.), и не превышает наибольшую из следующих величин:
1) тридцатикратного размера минимальной пенсии, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете (в 2016 году Законом Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2016-2018 годы» размер минимальной пенсии увеличен до 25 824 тенге), и составляет 774 720 тенге (30*25 824);
2) величины, рассчитанной как произведение суммы пенсионных накоплений на коэффициент текущей стоимости пенсионных накоплений в соответствующем возрасте получателя, согласно Методике осуществления расчета размера пенсионных выплат, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 02.10.2013 г. № 1042 (в редакции от 10.12.2015 г.). Этот расчет применяется, если сумма пенсионных накоплений получателя составляет: у женщин - 8,224 млн. и более тенге, у мужчин – 7,402 млн. и более тенге.
Получатель может получить всю сумму пенсионных накоплений в случае, если она менее тридцатикратного размера минимальной пенсии, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете.
В случае, если остаток пенсионных накоплений на индивидуальном пенсионном счете после выплаты составляет сумму менее размера минимальной пенсии, данный остаток выплачивается вместе с суммой выплаты.
ЕНПФ ежегодно самостоятельно производит перерасчет размера пенсионных выплат по установленному графику с учетом положений Правил.
Каков размер банковских комиссий?
Оплата банковских услуг, связанных с переводами, зачислениями и выплатами пенсионных накоплений, за исключением услуг по их конвертации и зачислению на банковские счета получателей, открытые в иностранных банках, осуществляется за счет собственных средств ЕНПФ.
В какой валюте осуществляются пенсионные выплаты?
Пенсионные выплаты переводятся ЕНПФ на банковский счет получателя, указанный в заявлении:
3) исключительно в национальной валюте – при перечислении на банковские счета, открытые в банках второго уровня/организации, осуществляющей отдельные виды банковских операций, на территории Республики Казахстан¬¬;
4) в долларах США, в евро, в фунтах стерлингов или в российских рублях – при перечислении на банковские счета, открытые в иностранных банках за пределами Республики Казахстан.
Облагаются ли пенсионные выплаты индивидуальным подоходным налогом (ИПН)?
Пенсионные выплаты относятся к доходам, облагаемым у источника выплаты (подпункт 3) статьи 160 Налогового кодекса Республики Казахстан). У получателя пенсионных выплат в обязательном порядке будет удержан ИПН в размере 10%. Для примера рассмотрим сумму пенсионных накоплений, подлежащую выплате и равную 30-кратному размеру минимальной пенсии (30*25 824 = 774 720).
Получатели пенсионных выплат по графику в связи с достижением пенсионного возраста являются лицами, имеющими право на налоговые вычеты из дохода в виде пенсионных выплат из ЕНПФ (статья 170 Налогового кодекса Республики Казахстан). Значит, ИПН будет удержан с учетом вычета из суммы пенсионных накоплений. Сумма накоплений, которая не облагается ИПН, равна 12-кратному минимальному размеру заработной платы, установленному на текущий финансовый год. В 2016 году этот показатель составляет 22 859 тенге, значит необлагаемая ИПН сумма составляет 274 308 тенге (12*22 859). ИПН облагаются пенсионные выплаты в сумме 500 412 тенге (774 720-274 308). Размер ИПН составит 50 041,20 тенге (774 720 - 274 308) * 10%). На банковский счет получателя будет перечислена сумма в размере 724 678,80 тенге (774 720-50 041,20).
Кроме того, существует категория граждан, для которых применяются налоговые льготы. Для них необлагаемая ИПН сумма пенсионных выплат (подпункт 13) и 13-2) статьи 156 Налогового кодекса Республики Казахстан) установлена в пределах 55-кратного минимального размера заработной платы, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на начало соответствующего финансового года (55*25 824 = 1 420 320 тенге).
К таким лицам относятся:
• участники Великой Отечественной войны и приравненные к ним лица;
• лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;
• лица, проработавшие (прослужившие) не менее 6 месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;
• инвалиды I, II, III групп;
• ребенок-инвалид;
• один из родителей, опекун, попечитель лица, имеющего категорию «ребенок-инвалид», до достижения таким лицом восемнадцатилетнего возраста;
• один из родителей, опекун, попечитель лица, признанного инвалидом по причине «инвалид с детства», в течение жизни такого лица;
• один из усыновителей (удочерителей) ребенка до достижения усыновленным (удочеренным) ребенком восемнадцатилетнего возраста.
dle