Все что вы хотели узнать и спросить о ваших пенсионных делах - 57«Руднет» продолжает знакомить рудничан с последними данными АО «Единый накопительный пенсионный фонд», которые мы начали публиковать с мая 2016 года и продолжаем в текущем году. Сегодня вы можете ознакомиться (на двух языках) с новой информацией специалистов ЕНПФ.
Зейнетақы төлемдері «Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алатын болады», Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы қаңтар
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі бірнеше бөлімнен тұрады.Олар – мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және ортақ зейнетақы төлемдері.Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыскердің 10 пайыздық міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің қаражатынан еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерінің пайдасына аударатын 5 пайыздық міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтар. Бұл мақалада БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдері жайында әңгіме қозғалады.
Зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігін білу, түсіну, болашақ зейнеткерлерге құрметті демалысқа алдын ала дайындалуға мүмкіндік беретіндігі сөзсіз. Яғни, болашақ туралы, зейнетақы туралы, еңбекке қабілетсіз жастағы қаржылық тәуелсіздік туралы ерте бастан ойлану керек.
Зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігі толығымен мемлекеттің жауапкершілігінде болған уақыт келмеске кетті. Әрине, қазір де мемлекетіміз жауапкершіліктен толығымен бас тартпайды. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде алты ай еңбек өтілі бар зейнеткерлерге ортақ зейнетақы әлі де төленіп келеді. Сонымен қатар қазір барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде базалық зейнетақы төленеді.
Бірақ, қазіргі заманда зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскерге оңтайлы үлестірілуі тиіс.
Жинақтаушы зейнетақының қандай болатындығы жұмыскердің өзіне байланысты. Қанша жинасаң, сонша аласың. Бұл ақылға қонымды логика.
Сондықтан, жалақыларын «конвертпен» алатын азаматтар болашақта қомақты зейнетақы алудан құр қалатындарын білулері тиіс.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы азаматтар:
- Зейнеткерлік жасқа толған азаматтар - ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 58,5 жасқа толғанда (биылдан бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы 2027 жылға дейін 63 жасқа толғанша жылына 6 айға ұлғайтылып отырады);
- мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
- Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
- Зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері, отбасы мүшелері.
2018 жылғы өзгерістер
1)Төлемдер кестесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйекте бекітілген және 2017 жылғы 3 қазанда күшіне енген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 603 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылады.
Зейнетақыны ай сайын төлеу әлемдік стандартқа сәйкес келеді.
БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттері қолданылады. Ал ол қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығына байланысты есептеледі. Коэффициенттер кестесі тұрақты шама және ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген. Кестеге сәйкес жыл сайын жинақталған қаржының тек бір бөлігін ғана алуға болады. Сондықтан коэффициенттің шамасы қашанда 1-ден аз болады.
Осылайша, алушының жасына сәйкес зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Одан шыққан сома – БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын ай сайынғы төлем болып табылады.
Ай сайынғы төлемдердің сомасы алушының жасына және жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты қалыптасады.
Жаңа ережеге сәйкес ай сайынғы төлемнің мөлшері ағымдағы қаржы жылындағы ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен болмайды.
Жаңа кесте бойынша Қордан ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру мерзімі ұзара түседі. Бұған зейнетақы шотына күн сайын есептелетін инвестициялық табыс та оң әсер етеді.
Ал біржолғы төлемге келер болсақ, ол белгілі бір шарттарға байланысты жүзеге асырылады. Ережеге сәйкес зейнетақы жинақтары есебінен біржолғы төлемдер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне, жерлеуді ұйымдастырған адамға және мұрагерлерге төленеді.
Зейнетақы Қорынан зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға және 1-ші, 2-ші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген адамдарға ай сайын төленеді. Егер зейнетақы төлемдерін алушы өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Ал егер асып кетсе, зейнетақы төлемдері ай сайын жүзеге асырылады. Айта кетелік, биыл ең төмен зейнетақы көлемі: 33 745 теңге.
Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.
2) Әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайту
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін 63 жасқа жеткенше жыл сайын 6 айға ұзартылып отырады.
2018 жылдан бастап зейнетке шығатын әйелдердің 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі толық болмайды. Сәйкесінше, олардың алатын ортақ зейнетақысының мөлшері де барған сайын азая түседі. Міне, осы жағдайларға жол бермес үшін әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғайтылып отыр.
Ал ортақ зейнетақы толық көлемде болуы үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі әйелдер үшін 20 жылдан кем болмауы керек.
Оның үстіне әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайту оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне белсенді түрде тартуға және оларға өздерінің зейнетақы жинақтарын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бұл ретте әйелдер үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі сақталады:
- Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз - 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған әйелдердің 45 жасқа толғанда;
- 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда мемлекеттік бюджеттен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.
Сонымен қатар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында өздерінің мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары ай сайын ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткілікті болған жағдайда ерлер 55 жасқа толғанда, әйелдер 50,5 жасқа толғанда өздері таңдаған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Сол арқылы зейнетақы ретінде ай сайын сақтандыру төлемдерін алып отырады. Сақтандыру ұйымдарының талаптары әрқалай. Сәйкесінше оларға аударылатын зейнетақы жинақтарының мөлшері де өзгеше болады. Бүгінгі таңда зейнетақы аннуитетін жасасу үшін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының мөлшері ерлер үшін 9 млн теңге, әйелдер үшін 12 млн теңгеден жоғары болуы шарт. Егер қаржы жетіспесе үшінші тұлғалардан (зайыбы, балалары және басқалардан) келіп түскен қосымша жарналар пайдаланылады.
Бұл ретте мына жәйтті ескере кеткен жөн, әйелдер үшін зейнетақы аннуитетін жасау мерзімі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2027 жылға дейін 55 жасқа жеткенше жыл сайын 6 айға өсіп отырады.
Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы ерікті түрде шешім қабылдай отырып, зейнетақы аннуитеті шартын мұқият оқу керек. Онда біржолғы төлемнің, жылдық төлемнің, ай сайынғы төлемнің мөлшеріне, кепілдендірілген мерзімге ерекше көңіл бөлген жөн. Өйткені, сақтандыру ұйымынан төлемдер өмір бойы жүзеге асырылады ғой. Сондықтан, олардың мөлшерінің қандай болатындығын білу өте маңызды.
Әрбір азаматқа таңдау құқығы берілген: ол, зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының мөлшеріне қарай зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дан, зейнетақы аннуитеті арқылы сақтандыру ұйымынан немесе бір бөлігін БЖЗҚ-дан, бір бөлігін сақтандыру ұйымынан ала алады.
Әрине, зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары қомақты болуы үшін әрбір адамның ресми айлық табысы жоғары болып, зейнетақы жарналары Қорға тұрақты аударылып тұруы қажет. Сәйкесінше, болашақта алатын зейнетақы да қомақты бола түседі.
Демек, болашақ зейнетақының лайықты деңгейде болуы әрбір адамның өз қолында.
Пенсионные выплаты – итог накоплений
«Работай больше и больше будешь получать» Нурсултан Назарбаев
Ежегодное Послание Президента народу Казахстана, январь, 2018
Пенсионное обеспечение граждан в Республике Казахстан на современном этапе складываются из нескольких частей. Это выплаты из государственного бюджета (базовая и солидарная пенсии), пенсионные выплаты из ЕНПФ за счет индивидуальных 10-процентных обязательных пенсионных взносов работника и в отдельных случаях 5-процентных взносов работодателя за работников опасных и вредных производств, а также добровольные пенсионные накопления граждан. Речь в данной статье пойдет только о пенсионных выплатах из ЕНПФ.
Знание и понимание, как устроена пенсионная система, безусловно, во многом помогут будущим пенсионерам заранее подготовиться к выходу на пенсию. Это относится и к людям, чей возраст приближается к пенсионному, и особенно к тем, кто только начинает трудовую деятельность.
Задуматься о своем будущем, чем оно будет обеспечено на пенсии, что может дать финансовую независимость и стабильность в нетрудоспособном возрасте, необходимо как можно раньше, еще в начале своей карьеры. Время, когда государство целиком брало ответственность за обеспечение пенсионеров ушло в прошлое. Конечно, государство не слагает с себя ответственности, и у каждого гражданина, будут пенсионные выплаты из государственного бюджета – солидарная пенсия у работавших до 1998 года и базовая у всех. Но эта ответственность должна быть солидарной.
Накопительная часть пенсии целиком и полностью зависит от самого человека. Сколько накопил, столько и получишь, когда выйдешь на пенсию. Это простая и справедливая логика. Поэтому те, вкладчики, которые сейчас имеют «серые» зарплаты, получают их в конвертах, должны прекрасно отдавать себе отчет в том, что они сами себя лишают своей пенсии, ее накопительной части, в будущем.
Кто имеет право на пенсионные выплаты из ЕНПФ:
- лица, достигшие общеустановленного пенсионного возраста. Мужчины по достижении 63 лет, женщины с 58,5 лет (с этого года возраст женщин постепенно увеличивается на полгода ежегодно и к 2027 году сравняется с мужским);
- инвалиды первой и второй группы, если инвалидность установлена бессрочно;
- иностранцы и лица без гражданства, выехавшие на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан;
- члены семьи, наследники умершего лица, имеющего пенсионные накопления.
Что изменилось в 2018 году
1) график выплат
В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 29.09.2017 г. № 603 «О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан», вступившим в силу с 03.10.2017 г., в Правила осуществления пенсионных выплат из пенсионных накоплений, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов из единого накопительного пенсионного фонда, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 02.10.2013 г. № 1042, внесены изменения. Так, с 1 января 2018 года пенсионные выплаты из ЕНПФ за счет обязательных и обязательных профессиональных пенсионных взносов осуществляются только ежемесячно.
Такая практика ежемесячных выплат пенсионных накоплений соответствует международным стандартам. Чтобы посчитать сумму ежемесячных выплат из ЕНПФ, используется коэффициент текущей стоимости пенсионных накоплений, который зависит от средней продолжительности жизни казахстанцев. Таблица таких коэффициентов, которые являются постоянной величиной, утверждена Правительством РК. Каждый год, в соответствии с графиком, можно снять только часть накопленной суммы, поэтому величина коэффициента всегда меньше 1. Таким образом, в зависимости от возраста получателя сумма пенсионных накоплений умножается на соответствующий коэффициент и делится на 12 (месяцев). Это и будет размер ежемесячной выплаты из ЕНПФ.
Сумма ежемесячных выплат таким образом зависит от возраста получателя, а также от суммы, которая находится на индивидуальном пенсионном счете. Согласно новым правилам, ежемесячная выплата должна быть не меньше 54% от прожиточного минимума в текущем финансовом году. При новом графике платежей продолжительность ежемесячных выплат из фонда также увеличится. Этому будет способствовать рост денежных средств на индивидуальном пенсионном счете за счет инвестиционного дохода на большую сумму, остающуюся более длительный период под управлением Фонда.
Что касается единовременной выплаты, то она возможна лишь при определенных условиях.
Согласно положениям Правил, пенсионные выплаты осуществляются единовременно иностранцам и лицам без гражданства, выехавшим на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан, а также членам семьи умершего лица, имеющего пенсионные накопления, или лицам, осуществившим погребение, наследникам. Также получить пенсионную выплату из ЕНПФ единовременно смогут только лица, достигшие общеустановленного пенсионного возраста, или имеющие инвалидность 1, 2 групп установленную бессрочно, у которых сумма пенсионных накоплений на дату обращения не превышает 12-кратный размер минимальной пенсии, установленный законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год. В 2018 году - 33 745 х 12 = 404 940 тенге. Все, что превышает эту сумму, будет выдаваться только ежемесячно.
2) повышение пенсионного возраста женщин
Повышение пенсионного возраста для женщин будет осуществляться в период с 2018 по 2027 годы, в течение 10 лет по шесть месяцев ежегодно и к 2027 году сравняется с мужским. Это связано с постепенным уменьшением трудового стажа работы женщин, по состоянию на 1 января 1998 года, необходимого для назначения солидарной пенсии. А также с увеличением стажа их участия в накопительной пенсионной системе, чтобы они имели возможность накопить больше средств.
При этом сохраняются возможности раннего выхода на пенсию для женщин:
- в 45 лет - проживавшим в зонах чрезвычайного и максимального радиационного риска в период с 29 августа 1949 года по 5 июля 1963 года, не менее пяти лет;
- в 53 года – родившим (усыновившим, удочерившим) пять и более детей, и воспитавшим их до восьмилетнего возраста;
- в 50,5 лет - при достаточности пенсионных накоплений при условии приобретения пенсионного аннуитета. Если у них на индивидуальных пенсионных счетах достаточные пенсионные накопления, включая обязательные пенсионные взносы, обязательные профессиональные пенсионные взносы и добровольные взносы. Они сегодня должны составлять более 12 млн. тенге.
При нехватке средств, можно будет использовать на покупку аннуитета дополнительные взносы от третьих лиц (супруга, детей и других категорий).
Необходимо отметить, что в случае льготного выхода на пенсию, женщины будут получать выплаты из государственного бюджета, но не из ЕНПФ. Право на пенсионные выплаты из ЕНПФ у этих женщин возникнет, когда они достигнут общеустановленного пенсионного возраста. Эта категория женщин может продолжать работать и осуществлять пенсионные взносы, увеличивая тем самым сумму своих накоплений.
Что касается аннуитета, то можно выделить категорию лиц, которые имеют право на получение пенсионных выплат раньше установленного пенсионного возраста путем заключения договора пенсионного аннуитета со страховой организацией. При достаточности пенсионных накоплений для обеспечения выплаты не ниже размера минимальной пенсии право на пенсионные выплаты за счет обязательных пенсионных выплат, согласно положениям статьи 31 Закона, имеют:
мужчины по достижении 55 лет;
женщины 50,5 лет.
Возраст у женщин для приобретения аннуитета также увеличивается на шесть месяцев ежегодно и к 2027 году сравняется с мужским.
Достаточность пенсионных накоплений определяется условиями договора пенсионного аннуитета со страховой организацией, с которыми надо очень внимательно ознакомиться, принимая решение о переводе пенсионных накоплений. Заключение договора пенсионного аннуитета или сохранение накоплений в пенсионном фонде - это осознанный выбор вкладчика. Принимая решение о судьбе пенсионных накоплений, нужно внимательно изучить аннуитетный договор, обратив внимание на такие его пункты, как размер единовременной выплаты, размер годовых выплат, гарантированный период и т.д. Выплаты из аннуитетной организации производятся пожизненно, но надо четко представлять себе, каков будет их размер и будет ли он достаточен для обеспечения всех потребностей.
У каждого человека есть альтернатива: получать пенсию из ЕНПФ, аннуитетный договор или гибрид – часть выплат из ЕНПФ, часть из страховой организации. Вместе с тем, надо понимать, что чем дольше человек работает, чем больше платит пенсионные взносы, тем большая сумма денег накапливается на его пенсионном счете, а значит, и пенсия будет больше.
Вопрос выхода на пенсию волнует многих людей, которые задумываются о своем будущем. Самым насущным вопросом для вкладчика Фонда должен стать не график выплат и повышение пенсионного возраста у женщин, а уровень накопления на его счете. Сумма пенсионных накоплений напрямую зависит от частоты и регулярности взносов вкладчика. То, что мы откладываем в течение всей нашей трудовой жизни, станет обеспечением ее уровня на пенсии. Только от самого человека зависит, каким будет этот уровень.
dle