Все что вы хотели узнать и спросить о ваших пенсионных делах - 19«Руднет» продолжает знакомить рудничан с последними данными АО «Единый накопительный пенсионный фонд», которые мы начали публиковать 5, 8, 14, 22 мая, а также 2, 11, 15, 23, 30 июня, 9, 22 июля, 4, 25 августа, 18 сентября, 5, 11 и 23 октября, 5 декабря. Сегодня вы можете ознакомиться (на двух языках) с новой информацией специалистов ЕНПФ.
БЖЗҚ туралы 5 сауалОқырмандарымыздың сауалдарына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мамандары жауап берді. - Менің қызым келісім-шарт бойынша шетелде жұмыс істейтіндіктен зейнетақы қорына аударым жасамайды. Айтыңызшы, біз оның орнына БЖЗҚ-дағы оның шотына ақша аудара аламыз ба? Ол үшін не істеу керек және аударымдар қандай валютамен қабылданады?- Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жұмыс істей отырып, Сіздің қызыңыздың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша құқықтық қатынастарға қатысуға мүмкіндігі бар екенін айта кету керек.
Сонымен қатар Сіз қызыңыздың болашақ қамын жасай аласыз және үшінші тұлғаның пайдасына ерікті зейнетақы жарналары туралы шарт жасай аласыз не қызыңыздың өзі осындай шартты өз пайдасына жасай алады. Мұндай тәсіл өте ыңғайлы, өйткені жарналардың кезеңділігін және мөлшерін адам өзі белгілей алады. Айтып өткеніміздей, ерікті жарналарды өз туыстарының және жақындарының пайдасына аударуға болады. БЖЗҚ сайтында орналастырылған зейнетақы калкуляторы келешектегі зейнетақының болжалды мөлшерін есептеуге көмектеседі және тұрақты аударылатын ең аз ерікті жарналардың өзі зейнетақы жинағыңызды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретінін көрнекті түрде көрсетеді. Оларды теңгемен салу керек.
- Жақында зейнетке шығамын, шотыма 2,5 миллионға жуық теңге жинап үлгердім. Айтыңызшы, мен құрметті демалысқа шыға салысымен барлық соманы бірден ала аламын ба немесе оны бөліп-бөліп бере ме? Неге? Егер барлық соманы алатын болсам, қанша пайыз жоғалтамын? БЖЗҚ осындай қызмет үшін сыйақы алады деп естідім. - Тиісті қаржы жылына (2016 жылы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен ең төменгі зейнетақы мөлшері – 25 824 теңге) белгіленген ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен кем болған жағдайда ғана барлық зейнетақы жинағын алуға болады. Яғни, қазіргі сәтте бұл сома - 774 720 теңге (30-ды 25 824 теңгеге көбейту). Демек, зейнетақы жинақтарыңыздың қалдығын ескерсек, сіз барлық соманы бірден ала алмайсыз. Сіз жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептеуге болатын зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасын белгіленген кесте бойынша алуға құқылысыз. Осылайша, сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы жинақ шамамен үш жыл ішінде төленетін болады. Мұндай тәртіп БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен құралған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидасымен белгіленген. Қағида ҚР Үкіметінің 02.10.2013 жылғы №1042 қаулысымен бекітілген.
Сіздің сұрағыңыздың екінші бөлігіне келер болсақ, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 160-бабының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері – төлем көзіне жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын табыс. Осыған орай кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алушыдан міндетті түрде Салық кодексінде көзделген түзетулер мен салықтық шегерімдер ескеріле отырып 10 пайыз мөлшерінде ЖТС ұсталады. Салық салынбайтын зейнетақы төлемдерінің сомасы ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төменгі еңбекақының 12 еселенген мөлшеріне тең. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ өтініште көрсетілген алушының банк шотына аударады. Оларды айырбастау және шетелдік банктерде ашылған алушылардың банк шоттарына аудару қызметтерін қоспағанда, зейнетақы жинақтарын аударуға, есепке жазуға және төлеуге байланысты банк қызметтерінің ақысы БЖЗҚ-ның меншікті қаражаты есебінен төленеді.
- Келесі жылы зейнетке шығамын және менің жинақтарым қалай қорғалған, оларға дағдарыстық үдерістер, құнсыздану және басқалар әсер етті ме деп жиі ойлай бастадым?- Азаматтардың зейнетақы жинақтарын қорғау және оларды индекстеу тетігі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тұжырымдалған. Зейнетақы жинақтарын Қазақстан экономикасындағы құнсыздану деңгейін ескере отырып сақтау жауапкершілігін мемлекет өз мойнына алды. Заңның 5-бабына сай мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі құнсыздану деңгейін ескере отырып, нақты салынған жарналар мөлшерінде сақтауға кепілдік береді. Бұл бап зейнетақы жинақтары бойынша жинақталған табыстылық деңгейі жинақталған құнсыздану деңгейінен төмен болған жағдайда қолданылып жүр және қолданылады. Төлемге құқығы бар азаматтар мемлекеттік бюджеттен тиісті өтемақы алады. Жинақтарды сақтау бойынша мемлекеттің осындай тікелей жауапкершілігі әлемнің еш жерінде жоқ екенін айта кету керк.
- Мен қоныс аударып едім, енді жаңа мекенжайыма БЖЗҚ-дан шотымның жай-күйі туралы деректері бар хаттар келмейтін болды. Айтыңызшы, бұл ақпаратты білудің басқа жолдары бар ма? - БЖЗҚ-ға өзіңіздің жаңа мекенжайыңызды хабарлауыңыз қажет еді, оны хабарламағандықтан, сіз жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы жыл сайынғы үзінді көшірмені алмайсыз. Сондықтан БЖЗҚ бөлімшесіне бір рет келіп, не өз деректемелеріңізге түзетулер енгізіңіз, не ең дұрысы, хабарлау тәсілін өзгертіңіз.
Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірнеше арнасы бар. Сіз салымшы ретінде өзіңізге қолайлысын таңдай аласыз. Бұл – жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште немесе жеке келісімде көрсетілген салымшының электрондық мекенжайына хабарлама жіберу. Ақпарат алудың ең жедел тәсілі – www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөлімі арқылы алу. Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болса немесе логин мен парольді тіркесеңіз, сіз үйден немесе кеңседен шықпай-ақ өз шотыңызды тексеріп, жұмыс берушіден түскен түсімді бақылай аласыз. Біздің мамандар смартфондар мен планшеттерге арнап әзірлеген ENPF ұялы қосымшасын да пайдалануға болады. Жинақтар туралы ақпаратты egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы алу мүмкіндігі бар. Қызмет «Азаматтар» санатының «Әлеуметтік қамсыздандыру» айдарындағы «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімінде. Оны алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкімет порталына тіркелу қажет. Сізге ақпаратты БЖЗҚ мамандарының бергенін қаласаңыз, сіз үшін республика аумағында 232 дербес қызмет көрсету орталығы ашылған. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште көрсетілген мекенжайға пошта арқылы хабарлау тәсілі әлі де қолданылады.
2016 жылғы 1 қазанда 2,5 миллионға жуық адам немесе әрбір төртінші салымшы зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде электрондық хабарлау тәсілін таңдады. Оның 214 мыңнан астамы үзінді көшірмені электрондық мекенжайға алады және 2,3 миллион адамның сайт арқылы немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 245 мыңнан астамға артқан және 2016 жылғы 1 қазанда жүктеп алу 357,9 мыңға жетті.
- 2018 жылдан бастап зейнеткерлердің зейнетақысына өтіл үшін үстеме қояды деп естідім. Бұл шын мәнінде солай ма? Егер солай болса, оны алу үшін өтіл қандай болу керек? - 2018 жылдың шілде айынан бастап базалық зейнетақы төлемін есептеу тетігі өзгеретін болады. Қазіргі уақытта ол барлық алушыға бірдей төленеді және 11 965 теңге. 2018 жылдан бастап оның мөлшері әр түрлі болады: өтілі он және одан кем болғанда немесе ол болмаған жағдайда – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы. Әрбір келесі толық жылға базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2 пайызға өсетін болады. Яғни, өтілі 20 жыл болғанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызын құрайтын болады, 30 жыл – 90 пайыз, ал 35 және одан көп жылдық өтіл кезінде – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызы. Өтіл ескерілген зейнетақы тағайындауға қатысты толық ақпарат алу үшін «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясына» бара аласыз, Астанада 8 (7172) 75-37-10 телефонына, Алматыда 8 (727) 331-21-13 телефонына немесе 1411 нөміріне (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін) хабарласа аласыз.
5 вопросов о ЕНПФ На вопросы наших читателей ответили специалисты Единого накопительного пенсионного фонда- Моя дочь работает по контракту за границей, поэтому не делает отчисления в пенсионный фонд. Скажите, можем ли мы вместо нее перечислять деньги на ее счет в ЕНПФ? Что для этого нужно сделать и в какой валюте принимаются отчисления? - Надо отметить, что работая за пределами Республики Казахстан, Ваша дочь имеет право участвовать в правоотношениях по уплате обязательных пенсионных взносов.
Кроме того, Вы можете позаботиться о будущем своей дочери и заключить договор о добровольных пенсионных взносах в пользу третьего лица, либо ваша дочь может самостоятельно заключить такой договор в свою пользу. Такой подход очень удобен, поскольку человек сам может устанавливать периодичность взносов и их размер. Кроме того, добровольные взносы, как уже говорилось, можно перечислять в пользу своих родных и близких. Пенсионный калькулятор, размещенный на сайте ЕНПФ, помогает просчитать предполагаемый размер будущей пенсии и наглядно показывает, что даже минимальные добровольные взносы, производимые на регулярной основе, позволяют ощутимо увеличить свои пенсионные накопления. Их необходимо делать в тенге.
- Скоро выхожу на пенсию, успел накопить на своем счету около 2,5 миллионов тенге. Скажите, смогу ли я забрать всю сумму сразу, как только выйду на заслуженный отдых, или ее будут отдавать только частями? Почему? Сколько процентов я потеряю, если заберу всю сумму? Слышал, что ЕНПФ берет вознаграждение за такую услугу. - Все пенсионные накопления можно получить лишь в том случае, если их сумма менее тридцатикратного размера минимальной пенсии, установленного на соответствующий финансовый год (в 2016 году Законом РК «О республиканском бюджете на 2016-2018 годы» размер минимальной пенсии - 25 824 тенге). То есть на данный момент эта сумма составляет 774 720 тенге (30 умножить на 25 824 тенге). Следовательно, учитывая остаток ваших пенсионных накоплений, забрать всю сумму сразу вы не сможете. Вы вправе по установленному графику получать годовую сумму пенсионных выплат, которую можно рассчитать по формуле, указанной выше. Таким образом, накопления с вашего индивидуального пенсионного счета будут выплачиваться примерно в течение трех лет. Такой порядок определен правилами осуществления пенсионных выплат из пенсионных накоплений, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов из ЕНПФ. Они утверждены постановлением Правительства РК от 02.10.2013 г. № 1042.
Что касается второй части вашего вопроса: в соответствии с положениями статьи 160 Кодекса РК «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» пенсионные выплаты из ЕНПФ относятся к доходам, облагаемым индивидуальным подоходным налогом (ИПН) у источника выплаты. В связи с чем у получателя пенсионных выплат по графику в обязательном порядке будет удержан ИПН в размере 10 процентов с учетом корректировок и налоговых вычетов, предусмотренных Налоговым кодексом. Сумма пенсионных выплат, которая не облагается налогом, равна 12-кратному минимальному размеру заработной платы, установленному на текущий финансовый год. При этом пенсионные выплаты переводятся ЕНПФ на банковский счет получателя, указанный в заявлении. Оплата банковских услуг, связанных с переводами, зачислениями и выплатами пенсионных накоплений, за исключением услуг по их конвертации и зачислению на банковские счета получателей, открытые в иностранных банках, производится за счет собственных средств ЕНПФ.
- В следующем году выхожу на пенсию и все чаще думаю о том, как защищены мои накопления, не сказались ли на них кризисные процессы, инфляция и прочее? - Механизм защиты пенсионных накоплений граждан и их индексации заложен в Законе Республики Казахстан «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан». Государство взяло на себя ответственность за сохранность пенсионных накоплений с учетом уровня инфляции в казахстанской экономике. Согласно статье 5 Закона, государство гарантирует получателям сохранность обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в едином накопительном пенсионном фонде в размере фактически внесенных взносов с учетом уровня инфляции на момент приобретения права на пенсионные выплаты. Эта статья уже применялась и применяется в случае, если уровень накопленной доходности по пенсионным накоплениям ниже уровня накопленной инфляции. Граждане, имеющие право на выплаты, получают соответствующие компенсации из государственного бюджета. Надо сказать, что такой прямой ответственности государства по сохранности накоплений нет практически нигде в мире.
- Я переехал, и теперь на мой новый адрес не приходят письма из ЕНПФ с данными о состоянии моего счета. Скажите, есть ли другие способы, чтобы узнать эту информацию?- Вы не получаете ежегодную выписку о состоянии вашего индивидуального пенсионного счета, поскольку не сообщили свой новый адрес ЕНПФ, хотя и должны были это сделать. Поэтому очень рекомендуем вам один раз посетить подразделение ЕНПФ и либо внести корректировки в свои реквизиты, либо, что гораздо предпочтительнее, изменить способ информирования.
Сегодня есть несколько каналов получения информации о состоянии пенсионных накоплений. Вы, как вкладчик, можете выбрать наиболее удобный для себя. Это отправка сообщений на электронный адрес вкладчика, указанный в заявлении об открытии индивидуального пенсионного счета или отдельном соглашении. Самый оперативный способ получение информации через раздел «Интернет-выписка» на сайте www.enpf.kz. Имея электронную цифровую подпись или зарегистрировав логин и пароль, вы сможете проверять свой счет, контролировать поступления от работодателя, не выходя из дома или офиса. Также можно воспользоваться мобильным приложением ENPF, разработанным нашими специалистами для смартфонов и планшетов. Есть возможность получить информацию о накоплениях через портал электронного правительства egov.kz. Услуга доступна в категории «Граждане», рубрика «Социальное обеспечение», раздел «Пенсионное обеспечение». Для ее получения нужна электронная цифровая подпись и регистрация на портале электронного правительства. Если вы хотите, чтобы вам предоставили информацию лично специалисты ЕНПФ — для вас открыты 232 центра персонального обслуживания по всей республике. По-прежнему действует способ информирования по почте на адрес, указанный в договоре о пенсионном обеспечении или в заявлении об открытии индивидуального пенсионного счета.
На 1 октября 2016 года около 2,5 миллионов человек или каждый четвертый вкладчик в качестве способа получения информации о состоянии пенсионного счета выбрали электронный способ информирования. Из них более 214 тысяч получают выписки на электронный адрес и 2,3 миллиона имеют возможность получать информацию посредством сайта или мобильного приложения «ENPF» для смартфонов и планшетов. С начала года количество скачиваний мобильного приложения увеличилось более чем на 245 тысяч и на 1 октября 2016 года составило 357,9 тысячи скачиваний.
- Слышала, что начиная с 2018 года, пенсионерам будут делать надбавку к пенсии за стаж. Так ли это на самом деле? И если, да, каким должен быть стаж, чтобы ее получить?- Начиная с июля 2018 года, будет изменен механизм начисления базовой пенсионной выплаты. В настоящее время она выплачивается всем получателям одинаково и составляет 11 965 тенге. С 2018 года ее размер будет разным: при стаже в десять и менее лет или его отсутствии — 50 процентов прожиточного минимума. За каждый последующий полный год размер базовой пенсионной выплаты будет увеличиваться на 2 процента. То есть, при стаже 20 лет он будет составлять 70 процентов прожиточного минимума, 30 лет – 90 процентов, а при 35-летнем стаже и более — 100 процентов прожиточного минимума. Для получения полной информации касательно назначения пенсии с учетом стажа вы можете обратиться в «Государственную корпорацию «Правительство для граждан», позвонить по телефону 8 (7172) 75-37-10 в Астане, 8 (727) 331-21-13 - в Алматы или по номеру 1411 (бесплатный звонок по всему Казахстану).
dle