Все что вы хотели узнать и спросить о ваших пенсионных делах - 65«Руднет» продолжает знакомить рудничан с последними данными АО «Единый накопительный пенсионный фонд», которые мы начали публиковать с мая 2016 года и продолжаем в текущем году. Сегодня вы можете ознакомиться (на двух языках) с новой информацией специалистов ЕНПФ.
Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы
Алматы, Қазақстан -Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің барлық 18 өңірлік филиалында «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы» жобасының өнеркәсіптік пайдалануға берілгендігін хабарлайды. Бұл жоба «БЖЗҚ» АҚ-тың Корпоративтік даму стратегиясы аясында жүзеге асырылды. Осы стратегияға сәйкес, Қор өзінің көрсететін қызметтерінің сапасын арттыра отырып, салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетеді.
Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалының корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішінде жаңа үлгідегі жүйелік блок орналасқан. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.Одан басқа, үздіксіз қуат көзінің (UPS) арқасында терминал электр қуаты сөндірілсе де өз қызметін жалғастыра береді.
Осылайша, салымшылар мен алушылар өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын пайдалану мүмкіндігіне ие болды.
Қазір терминалда мынадай қызметтер қолжетімді:
1. Зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу;
2. Жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу;
3. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша шарт жасасуға өтініш беру;
4. Жеке деректемелерді өзгерту;
5. Берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау.
Бұл қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы алу үшін салымшыны (алушыны) анықтап танудың екі әдісі қолданылады. Олар:
1. ЖСН және құпия сөз (пароль);
2. Жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегі арқылы.
«БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды барынша жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетіліп жатыр. Таяу уақытта өзіне-өзі қызмет көрсету терминалында Қор операторымен бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес беру қызметі пайда болады.
«БЖЗҚ» АҚ-тың басты міндеттерінің бірі – ақпараттық-кеңес беру қызметін Қор мамандарының тікелей көмегінсіз алуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға барлық қажетті жағдайларды жасауға ұмтылу.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz
О терминалах самообслуживания
Алматы, Казахстан -В рамках Корпоративной стратегии развития АО «ЕНПФ», согласно которой Фонд оказывает организационное содействие вкладчикамв формировании пенсионных накопленийпосредством повышения качества услуг, ЕНПФ сообщает, что реализован и введен в промышленную эксплуатацию проект «Терминал самообслуживания» в 18 региональных филиалах Фонда.
Терминал самообслуживания представляет собой монолитный корпус, с сенсорным экраном на верхней части лицевой стороны корпуса. Внутри корпуса размещен системный блок нового поколения, позволяющий обеспечивать максимально быструю работу с терминалом. Кроме того, благодаря наличию источника бесперебойного питания (UPS), терминал может осуществлять свои функции даже при отключении электроэнергии.
У вкладчиков (получателей)появилась прекрасная возможность использовать терминал самообслуживания и уже сегодня доступны следующие услуги:
1. Получение справки о наличии счетов;
2. Получение выписки с ИПС;
3. Подача заявления на заключение договора по ОПВ;
4. Изменение реквизитов;
5. Отслеживание статуса поданного заявления.
Получение данных услуг посредством терминала самообслуживания осуществляется путем двух методов аутентификации:
1. ИИН и пароль;
2. При помощи ЭЦП на удостоверении личности.
АО «ЕНПФ» постоянно работает над повышением качества оказываемых услуг, постоянно их совершенствуя и предоставляя своим вкладчикам удобные современные опции. Так, в ближайшее время у терминала самообслуживания появится новая возможность консультационных услуг, посредством видеоконференц-связи с оператором Фонда.
Одной из главных задач АО «ЕНПФ» является стремление к созданию всех необходимых условий гражданам Республики Казахстан, иностранцам и лицам без гражданства, постоянно проживающих на территории Республики Казахстан, для обеспечения возможности по получению информационно-консультационных пенсионных услуг без привлечения работников Фонда.
ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. С 1 января 2016 года функции по выработке предложений по повышению эффективности управления пенсионными активами переданы Совету по управлению Национальным фондом, который возглавляет Президент Республики Казахстан.
В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, пенсионные выплаты, индивидуальный учет пенсионных накоплений и выплат, предоставляет вкладчику (получателю) информацию о состоянии его пенсионных накоплений (подробнее на www.enpf.kz).
Пресс-центр АО «ЕНПФ»
Контакты для СМИ: press@enpf.kz
dle