Актуально о пенсии и ЕНПФ

Все что вы хотели узнать и спросить о ваших пенсионных делах - 51

Актуально о пенсии и ЕНПФ


«Руднет» продолжает знакомить рудничан с последними данными АО «Единый накопительный пенсионный фонд», которые мы начали публиковать с мая 2016 года и продолжаем в текущем году. Сегодня вы можете ознакомиться (на двух языках) с новой информацией специалистов ЕНПФ.

Актуально о пенсии и ЕНПФ


2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы

Зейнетақы жүйесі – әлеуметтік тақырып. Ол халықтың барлық әлеуметтік топтарын қамтиды. Сондықтан зейнетақы заңнамасындағы өзгерістердің мән-мағынасын Қазақстан Республикасының әрбір азаматына жеткізу өте маңызды.

2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайту және базалық зейнетақыны есептеуге қатысты өзгерістер күшіне енеді. Бұл ретте базалық зейнетақыны тағайындауда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі, сондай-ақ зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдан кейінгі еңбек өтілі ескерілетін болады. Бұдан басқа, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін есептеу тәртібі мен оларды алу кестесі де өзгеріске ұшырайды.

2014 жылы Елбасының Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына (бұдан әрі - Тұжырымдама) сәйкес зейнеткерлік жасқа толуға және I, II топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу барысында зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын біржола алуды жою жоспарланған болатын. Бұл ретте жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет толығымен төленеді. Ал егер алушы зейнетақы төлемдерін алу үшін зейнетақы Қорына жүгінген күні оның зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен асатын болса, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады.

Айта кету керек, Тұжырымдаманың бұл нормалары зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның ережелеріне 2015 жылы енгізілген болатын. Ал 2017 жылдың қыркүйегінде 2018 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енетін Ережелерге тиісті өзгерістер енгізілді.

Осылайша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады.

Егер Қорға жүгінген күні зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған болса, оларды толығымен алуға мүмкіндік бар екендігін тағы да еске саламыз. 2018 жылы бұл сома: 33 745 x12 = 404 940 теңгені құрайды. Бұл сомадан артық қаражаттың барлығы тек ай сайын төленеді. Қорыта келе айтар болсақ, БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері Үкімет Қаулысымен бекітілген, Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес, зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде (12/1) айқындалады. Әдістеме бойынша зейнетақы жинақтарының сомасын, алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті ескеріледі.

Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті – зейнетақы жинақтарының инвестициялық басқаруда болған мерзімін есепке ала отырып, олардың болашақтағы құнын ескеретін көрсеткіш. зейнетақы төлемдерін алушының жасына қарай оның зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп 12-ге бөлінеді. Одан шығатын сома зейнетақы Қорынан жүзеге асырылатын ай сайынғы төлем болып табылады. Бірақ, ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен болмайды.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып тағайындалады. Яғни, базалық зейнетақыны есептеу тәртібі өзгереді.

Бүгінде базалық зейнетақы барлық зейнеткерге 14 466 теңге көлемінде төленеді (ең төмен күнкөріс деңгейінің жартысынан сәл жоғары). Сонымен, зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан төмен болған жағдайда, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды.

Ал ортақ зейнетақыға қатысты айтар болсақ, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе ол алты айдан төмен болған азаматтар ортақ зейнетақы ала алмайды. Яғни, 1980-1982 жылдардан кейін туған азаматтарға 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі бойынша ортақ зейнетақы төленбейді.

Дегенмен, бұл азаматтар мемлекет тарапынан зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдіктерін алуға құқылы (бұл бүгінгі базалық зейнетақы). Біртіндеп ортақ құрамдауыш келмеске кетеді, сәйкесінше 2030 жылға дейін және одан кейін жинақтаушы құрамдауыштың үлесі біртіндеп арта түседі.

Зейнетақы жүйесін жаңғыртуда басты міндет - оны нығайту және зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру.

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасы зейнетақыны әр түрлі төлем көздерінен берілетін төлемдер жиынтығы ретінде қарайды. Бұл төлем көздері: мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақылар (ортақ зейнетақы) және салымшының өзінің зейнетақы жинақтары (жинақтаушы құрамдауыш, БЖЗҚ-дан төлемдер). Бұл жердегі басты мақсат – зейнет жасындағы азаматтарды тұрақты негізде ай сайын лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету.

БЖЗҚ зейнетақы төлемдері салымшы өтініш жасаған күннен бастап белгіленіп, таусылғанша жүзеге асырылатындығын тағы да еске салады. Зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына дер кезінде жүгіну қажет.

«БЖЗҚ» АҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (кеңсеге өзі келген кезде/пошта байланысы арқылы/электрондық цифрлық қолтаңба пайдалана отырып «БЖЗҚ» АҚ веб-сайты арқылы/үшінші тұлға арқылы) зейнетақы жинақтарының төлемін ресімдеуге қажет барлық құжат тізбесін, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарды, өтініштердің бланкілерін, сенімхаттардың үлгілерін, кеңселердің мекенжайларын, жұмыс тәртібін және байланыс телефондарын www.enpf.kz «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтынан таба аласыз. Онда ақпарат үнемі жаңартылып тұрады, сондай-ақ байланыс орталығының 1418 телефонына хабарласа аласыз (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін).

Азаматтардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын дер кезінде жүзеге асыруға мүмкіндіктері болу үшін БЖЗҚ 2017 жылдың 30 және 31 желтоқсаны күндері жұмыс істейтін болады.

«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылдың 30 және 31 желтоқсаны күндері барлық операциялық бөлімшелердің таңғы сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейтіндігін хабарлайды. Басты мақсат – БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін туындаған немесе туындайтын салымшылардың осы төлемдерді рәсімдеу құқығын жүзеге асыру.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz


Актуально о пенсии и ЕНПФ


Об изменениях в пенсионном законодательстве, вступающих в силу в 2018 году

Пенсионная система – тема социальная, касающаяся всех слоев населения без исключения, поэтому суть предстоящих изменений в пенсионном законодательстве необходимо донести до каждого гражданина Республики Казахстан.

С 2018 года начнут вступать в силу изменения пенсионного законодательства в части повышения пенсионного возраста для женщин, начисления базовой пенсии, которая будет зависеть не только от трудового стажа, но и от стажа участия в пенсионной системе. Изменения коснутся графика получения и порядка расчета пенсионных выплат из ЕНПФ.

Так, в соответствии с Концепцией дальнейшей модернизации пенсионной системы Республики Казахстан до 2030 года, утвержденной Президентом страны в 2014 году (далее – Концепция), запланирована отмена единовременного изъятия пенсионных накоплений из ЕНПФ при выплатах в связи с достижением пенсионного возраста и установлением инвалидности 1,2 групп бессрочно, за исключением сумм пенсионных накоплений, не превышающих 12 минимальных пенсий. При этом суммы пенсионных накоплений, превышающие на день обращения 12 минимальных пенсий, должны выплачиваться из ЕНПФ только на ежемесячной основе.

Стоит отметить, что данные нормы Концепции были закреплены в положениях Закона о пенсионном обеспечении в 2015 году, а в сентябре 2017 года внесены изменения в Правила , вступающие в силу с января 2018 года.

Таким образом, с 1 января 2018 года пенсионные выплаты из ЕНПФ за счет обязательных и обязательных профессиональных пенсионных взносов будут осуществляться только ежемесячно.

Единовременно забрать накопления будет возможно, если они на дату обращения не превышают 12-кратный размер минимальной пенсии. В 2018 году это составит 33 745 х 12 = 404 940 тенге. Все, что превышает эту сумму, будет выдаваться только ежемесячно. Размер ежемесячной пенсионной выплаты из ЕНПФ будет определяться как одна двенадцатая годовой суммы пенсионных выплат, исчисленная в соответствии с Методикой осуществления расчета размера пенсионных выплат, утвержденной Постановлением Правительства. Методика учитывает сумму пенсионных накоплений, коэффициент текущей стоимости пенсионных накоплений в соответствующем возрасте получателя. Коэффициент текущей стоимости, в свою очередь показатель, который учитывает будущую стоимость денег с учетом периода времени, в течение которого накопления находятся в инвестиционном управлении. В зависимости от возраста получателя сумма пенсионных накоплений получателя умножается на соответствующий коэффициент и делится на 12. Это и будет размер ежемесячной выплаты из ЕНПФ. При этом выплата исчисленного размера ежемесячной пенсионной выплаты будет осуществляться в размере не менее 54 процентов от прожиточного минимума, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете.

С 1 июля 2018 года базовая пенсия будет выплачиваться в зависимости от трудового стажа и от стажа участия в пенсионной системе. То есть, поменяется порядок расчета базовой пенсии. Сегодня "базовая" пенсия платится всем в размере 14 466 тенге (чуть больше половины прожиточного минимума). С 1 июля 2018 года 54% от размера прожиточного минимума, установленного на соответствующий год, будут получать те, кто имеет стаж участия в пенсионной системе 10 и менее лет. И за каждый год трудового стажа свыше 10 лет будет добавляться еще 2% от размера прожиточного минимума. То есть при стаже 33 лет можно получать максимальный размер базовой пенсии – 100% от прожиточного минимума.

Что касается солидарного компонента, то граждане, которые на 1 января 1998 года не имели трудового стажа, или трудовой стаж был менее шести месяцев, получать пенсию из солидарной системы не будут, т.е. после 2043 года пенсии за трудовой стаж лицам моложе 1980-1982 г.р. за счет бюджетных средств назначаться не будут.

При этом необходимо учитывать, что право на минимальное гарантированное пенсионное обеспечение за данными лицами сохраняется (это сегодняшняя базовая пенсия). Постепенно солидарный компонент уйдет, а доля накопительного увеличится. До 2030 года накопительная часть в совокупной пенсионной выплате займет преобладающую долю.

Главной задачей модернизации пенсионной системы является ее укрепление и повышение эффективности пенсионных выплат. Законодательство Республики Казахстан о пенсионном обеспечении определяет пенсию как совокупность выплат из различных источников, а именно, за счет средств государственного бюджета (солидарная пенсия) и средств самого вкладчика (накопительный компонент, выплаты из ЕНПФ), целевым назначением которых является обеспечение пенсионерам адекватного размера регулярного дохода в ¬нетрудоспособном возрасте.

ЕНПФ напоминает, что пенсионные выплаты устанавливаются со дня обращения и осуществляются до исчерпания пенсионных накоплений. В случае наступления права на пенсионные выплаты необходимо своевременно обращаться в АО «ЕНПФ».

Перечень всех необходимых документов для оформления выплат пенсионных накоплений в зависимости от способа их подачи в АО «ЕНПФ» (при личном обращении в офис/через средства почтовой связи/веб-сайт АО «ЕНПФ» с использованием электронной цифровой подписи/третье лицо), требования к их оформлению, бланки заявлений, образцы доверенностей, адреса, режим работы и контактные телефоны офисов Вы можете найти на официальном сайте АО «ЕНПФ». www.enpf.kz, информация на котором регулярно обновляется, либо узнать по телефону контакт-центра 1418 (звонки по Казахстану – бесплатно).

С целью реализации прав вкладчиков (получателей) на оформление пенсионных выплат из АО «ЕНПФ», у которых наступило или наступит право на пенсионные выплаты из ЕНПФ до 1 января 2018 г., АО «ЕНПФ» сообщает о том, что 30 и 31 декабря 2017 г. все операционные подразделения Фонда будут работать с 9-00 до 13-00 часов.

ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. С 1 января 2016 года функции по выработке предложений по повышению эффективности управления пенсионными активами переданы Совету по управлению Национальным фондом, который возглавляет Президент Республики Казахстан.

В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, пенсионные выплаты, индивидуальный учет пенсионных накоплений и выплат, предоставляет вкладчику (получателю) информацию о состоянии его пенсионных накоплений (подробнее на www.enpf.kz).

Пресс-центр АО «ЕНПФ» Контакты для СМИ: press@enpf.kz


Актуально о пенсии и ЕНПФ


dle
Опубликовал Lapikov, 23-12-2017, 07:23
0
Уважаемый посетитель, в данный момент Вы зашли на этот сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Быть как дома


Архив новостей
Январь 2020 (15)
Декабрь 2019 (12)
Ноябрь 2019 (39)
Октябрь 2019 (39)
Сентябрь 2019 (39)
Август 2019 (39)

За годы, прошедшие после установления Независимости, Рудный...

сделал рывок вперед
топтался на месте
похорошел вдоль центральных улиц
обратил внимание на внутридворовое благоустройство
упустил возможность для развития
стремится стать комфортным для проживания